Bugin
Фото: ІІМ
Жетісу облысында жол апатында ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ІІМ-не сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған.
"Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды", - делінген ақпаратта.
Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.