Bugin

Алматыда террористік идеяны интернет арқылы насихаттаған азамат ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік идеяларды интернет арқылы насихаттады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның тұрғылықты жерінде тінту кезінде діни кітаптар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, ұсталған азамат бұрын жеңіл қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.