Bugin

Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gemotest.ru

Петропавлда "Балдәурен" балабақшасының қызметкерінен туберкулез анықталған, деп хабаралйды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жұқпалы ауруды жұқтырған адам уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты демалысқа жіберілді. Балабақшада дезинфекция жүргізілген.

"Процесс екі кезеңде өтті. Мамандар балалар түскі ұйқыда болған кезде бассейн мен ойын бөлмелерін, дәліздерді мұқият дезинфекциялады. Сағат 19.00-ден кейін балабақшаның барлық басқа бөлмелері өңделді", – делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

9 қазанда балабақшаның барлық қызметкерлері физикалық тексеруден өтуі керек, ал науқаспен байланыста болған балалар манту сынамасын алады. Білім басқармасы мұқият тергеу жүргізу үшін жедел топ құрды. Іс жүргізу туралы қосымша ақпарат оның келіп түсуіне қарай беріледі.