Bugin
Фото: www.pexels.com
6 қазанда Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды. Құтқарушылар көмекке келіп, баланың қолын босатып алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларға қоңырау сағат 11.48-де келіп түскенін хабарлады. 2020 жылы туған баланың қолы эскалаторға қысылып қалғаны белгілі болды.
"Оқиға Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Құтқарушылар баланың қолын босату үшін тесетін құралды пайдаланып, оны құтқарып қалды. Зардап шеккен бала медициналық бригадаға тапсырылды", - деп хабарлады ведомстводан.