Bugin

Қайыңдыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың деректер пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: astanatv.kz

Алматы облысында Қайыңдыға барар жолда туристік екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Тағы 30 шақты адам жарақаттанған,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

"Тау арасындағы жолсыз жермен жар үстінде кетіп бара жатқан едік. Бір кезде қарама қарсы жолға бір автобус зымырай ұшып келе жатқанын көрдім. Біздің көлік бірнеше рет аударылды. Қатты соққы алдық. Одан кейін ештеңе есімде жоқ. Көзімді ашсам, бәріміз далада жерде жатырмыз. Абырой болғанда кішкентай ұлымыз дін аман"-дейді турист.

Айтуынша, оларды Шелектегі ауруханаға апарып, рентгенге түсірген. Кейін жағдайы тәуір-ау деген бір топ адамды Алматы көпсалалық клиникалық ауруханаға алып келіпті. Жол апатына олар автобус жүргізушісін кінәлап отыр.

Демалыс орнына екі туристік компаниядан 17-18 адам барған. Көлсайға дейін өз автобуспен, әрі қарай Қайыңдыға сол маңнан арнайы көлік жалдайды екен. Бірақ Қайыңдыға анау- мынау көлік көтеріле алмайды.

Бұл істі тергеу барысын облыстық полиция департаменінің басшысы өз бақылауына алды. Туристік компания өкілдері зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетпек.