Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: www.pexels.com
Қазақстанда белгілі бір діни киімді киюге қатысты шектеу енгізу мәселесі қаралады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер хиджаб пен никаб сияқты киімдерге тыйым салу туралы сұрады. Министрдің айтуынша, осы мәселеге қатысты заң талаптары күшейтіледі.
"Әрине, біз тиісті нормаларды зерделеп, ұсынатын боламыз. Әсіресе, қоғамдық орындарға қатысты талаптар бар. Ондай тәжірибе әлем бойынша кеңінен тараған. Себебі ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан қоғамдық орындарда бетті жауып жүрсе, адамды тану өте қиын. Бұның бәрі қоғаммен бірге талқыланады. Біз құзіретті орган ретінде осы саладағы заңнаманы қатаңдату бойынша жұмыс істейтін боламыз", - деді Балаева.
Ал жаңа заң жобасын және тиісті түзетулерді дайындауға уақыт қажет. Алдымен жұмыс тобы құрылады, өзгерістердің тұжырымдамасы талқыланады. Одан кейін заң жобасы үкіметтің жұмыс жоспарына енгізіледі. Содан бары мәжіліс пен сенаттың қарауына түседі.
"Осы орайда депутаттар да бастама көтерді. Соны ескере отырып, депутаттармен бірге бұл мәселені жақын арада қарайтын боламыз деп ойлаймын", - деп атап көрсетті Балаева.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61