Weekend

"Балуан Шолақ" фильмі 18 сәуірде шығады

Өмірбаян-драма "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазақфильм" киностудиясы Балуан Шолақтың өміріне арналған байопик фильмді 18 сәуірден бастап прокатқа шығарады.

Халыққа Балуан Шолақ деген атпен танылған Нұрмағанбет Баймырзаұлы 1864-1919 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі балуан, ақын, сері. Фильмде осы көп қырлы тұлғаның өмір жолы, ел басына күн туған замандағы оның ерлігі баяндалады.

Картинаның сценариін жазушы-драматург Дулат Исабеков жазды, режиссері - деректі картиналар түсіріп жүрген Нұргелді Садығұлов.

Балуан рөлінде Еркебұлан Дайыров ойнайды. Одан бөлек Медгат Өміралиев, Александр Багрянцев, Альбина Шардарова, Сафуан Шаймерденов, Сағаділдә Үсібәлі секілді актерлер қатысты.

Негізгі түсірілім жұмыстары 2017 жылы Алматы облысында өтті. Жалпы көріністерге үш жүзден астам адам қатысты. Сондай-ақ түсірілім Павлодар мен Бурабай курорт аймағында да өткен.

Трейлер: