Bugin
crevecoeur-locksmith.com
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғын үй саласына жүргізген мониторинг барысында қызметтік пәтерлерді заңсыз алу және тұру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Департаменттің бастамасы бойынша заңсыз берілген 11 пәтер мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров айтты.
Айта кету керек, өткен жылы тұрғын үй кезегінен 3 мың 600 адам шығарылды. Қызметтік пәтерлерді заңсыз алуға тосқауыл қойылып, бұл мәселе департаменттің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.