Bugin

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті алдап соққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.pexels.com

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа тасымалдап, пайда тапқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады, ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған.

Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.