Bugin

Қазақстанда мұғалімдер әдістеме мен тестілеуден босатылатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: speclook.ru

Қазақстанда мұғалімдер әдістеме мен тестілеуден мүлдем босатылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Президент "мұғалімдерге қысым көрсетуді тоқтату керек" деп пәрмен бергені сол-ақ екен, бүгін оқу-ағарту министрлігі су жаңа реформаларды қолға алдық деп отыр. Соның бірі — биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады.

Жауапты сала басшысы Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлеміз дейді. Әсіресе ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.

Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.