Bugin

Автобуста жігіттердің бойжеткенді қорлаған видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ulysmedia.kz

Алматының 22 жастағы тұрғыны автобуста орын алған келеңсіз оқиғаның видеосын бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас келіншектің айтуынша, белгісіз жігіттер қызды қоршап алып, басқа жолаушылардың көзінше мазасын алып, жәбірлеген.

Бұл оқиға 3 қазан күні сағат 16:00-де бойжеткен №118 автобуспен үйіне қайтып келе жатқанда болған. Автобуста бос орындардың болғанына қарамастан, қыз  бір-екі аялдама түрегеп тұруды ұйғарады.

Айтуынша, қызды бірден бірнеше жігіт қоршап алып, қорлаған.

Қыз бірнеше рет олардан алысырақ тұруға тырысады, бірақ өтінішін елемеген жігіттер оның мазасын алуды қоймаған.

Аталған факті бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.