Bugin

Жер сілкінісінен 120-дан астам адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Anadolu Agencyер

Ауғанстанның батысында қуатты жер сілкінісі болды. Зілзала құрбандарының саны өсуі мүмкін, көп адам қирандылар астында жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер сілкініп, кемінде 120 адам мерт болған, мыңнан астам адам жарақат алған.

Құрбан болғандар мен жарақат алғандар саны өсуі мүмкін. Өйткені көп адам әлі қирандылар астында жатыр.

Зілзаладан әсіресе Зенда Джан ауданындағы 4 ауыл қатты зардап шекті, онда ондаған үйге зақым келген.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, сенбі күні осы ауданда 6.3 магнитудалы дүмпу болған. Зілзаланың ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км қашықтықта жатыр.