Bugin

Израильге жасалған зымырандық шабуылдар видеоға түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ulysmedia

Хамас тобының Израильге жаппай зымырандық шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны артып, 200-ден асты. Зардап шеккендер саны әлі де арта береді деген болжам бар. Кем дегенде 1100 адам жарақат алды, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуімен Израильде де құрбандар саны артып, кем дегенде 1100 адамға жетті, олардың кейбірі ауыр жарақат алды, деп мәлімдеді жергілікті БАҚ.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 232-ге жетті, 1600-ден астам палестиналық жарақат алды, деп жазды Палестина денсаулық сақтау министрлігі.

Газа секторы электр қуатының басым бөлігін Израильден алатыны да белгілі болды. Алайда палестиналық топтың шабуылынан кейін Израиль билігі электр қуатын беруді тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әуе шабуылынан зардап шеккендерді емдеу үшін электр қуатының тапшылығына тап болған жергілікті ауруханаларға қауіп төндіреді, деді Аль-Шифа ауруханасының директоры Мохамед Абу Силмия Әл-Жазираға.

Бұған дейін Хамас Израильге шабуыл жасап, әскери операция аясында израильдік елді мекендерге қарай бес мың зымыран атқылағанын, бірнеше ондаған содырлардың Газа секторына іргелес қалаларға еніп кеткенін мәлімдеген.

Бейнежазбадан Газа секторына жақын маңдағы тас жол аймағында қаза тапқан бейбіт тұрғындарды көруге болады. Олар содырлар Израиль армиясының танкісіне шабуыл жасаған жолдың бір бөлігінде қалып қойған.

Әлемнің көптеген елдері ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылын айыптады, соның ішінде Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды және Украина бар. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен де содырлардың әрекетін айыптады.