Bugin

Белгілі исламтанушы-ғалым Абдулла қажы Жолдас қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: HIKMET TV

Белгілі исламтанушы-ғалым Абдулла қажы Жолдас өмірден өтті. 

"Мендегі оқырмандарымның барлығына Абдулла атамыз өзінің уағыздарымен, өнегелі әңгімелерімен жақсы таныс деп ойлаймын. Әрбір айтқан әңгімесі өмірге сабақ. Осы уақытқа дейін атамыздың әңгімелерін әр жерден іздеп тауып, тіпті атамызбен бір емес, бірнеше рет сұхбат жазып, сіздер сұраған сұрақтарға жауап алып, өздеріңізге ыңғайлы етіп 1 минуттан кесіп салып жүрген едім. Әлі талай әңгімелері бар еді Абдулла Жолдас атамыз, ұстазымыз Раббысына қайтты. Алла рахымына алсын", - деп жазды ол. 

Марқұмның жаназасы ертең сағат 12:00-де Түркістан облысы, Төле би ауданы, Зертас ауылында оқылады.