Bugin

"Басына оқ тиген": Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: asker.kz

ҚР Ұлттық ұлан 6636 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне түсінік берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

"9 қазанда 6636 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Қайсар Маратұлы Сұлтанов әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті. Штаб бойынша кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің жұмысын тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты күзет бекетінен басындағы оқ жарақатымен тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Қызметтік тергеу басталған. 

"6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - дейді Ұлттық ұланнан.

Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.