Bugin
Фото: www.istockphoto.com
Әлеуметтік желіде әйел адамның орыс тілінде түбіртек бермегені үшін супермаркет қызметкеріне ұрсып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кадрда әйел дөрекі дауыспен ешкімге міндетті емес екенін, “салық төлегендіктен, орыс тілінде түбіртек талап ете алатынын” айтады.
“Мен салық төлеп отырмын ба – түбіртек те маған өз тілімде берілуі керек. Конституцияда орыс және қазақ тілінде деп жазылған. Кімнің не дейтініне түкіргенім бар”, – дейді роликтегі әйел.
Оқиғаның Астанадағы “Әлем” сауда үйіндегі Магнумда болғаны жазылып жатыр.
“Ол өзін Ресейде тұрғандай сезінеді. Тәуелсіздік алған 32 жылдың ішінде кейбір адамдар қазақша оқуды да үйренбеген. Бұл біздің тіл саясатының “жемісі”, – дейді жарияланым авторы.