Bugin

Шымкентте жүргізуші мектеп оқушысын қағып өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:istockphoto.com

Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.

"Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді. Анықтаушылар қажетті сараптамаларды тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полициядан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61