Bugin

Әйел адамдарға арналған ең танымал мамандықтар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.pexels.com

Армандаған ісіңмен айналысу - үлкен бақыт. Жай ғана табыс көзіне қызығып қана қоймай, жанның қалауымен істеген жұмысың тек материалды тұрғыдан емес, рухани жағынан үлкен азық бола алады. Бүгінгі таңда ел бойынша, әлем бойынша сан түрлі мамандықтар дамып, пайда болып жатыр. Ескі әрі көне сақталған мамандықтардан өзге, жаңа әрі заман талабына сай сала түрлері де көбеюде. Бұрын мамандық түрлері ер және әйел адамдарға деп екіге жарылса, қазір ондай бөлініс жоқ. Дегенмен, әйел адамдар мен қыздар арасындағы ең танымал әрі сұранысқа ие мамандықтарға тоқталуды жөн көрдік.
 
Психолог 
Әйел адам өзінің нәзік жүрегімен, ұшқыр ойымен, сезіну әрі түсіну қаиеттерімен ерекше. Басқа адамға қол ұшын созып, ішіндегі дауды басу әркімнің қолынан келе бермейді. Ешкімге айтып, бөлісе алмаған қиындықтар мен сырды естіп, дұрыс көмек көрсете білу- нағыз еңбек. Бұл мамандықтың танымалдылығы да осында жатыр. Жақсы психолог - адаммен жақсы қарым-қатынас орната алатын, дұрыс кеңес бере алатын қадірлі адам. Бұл мамандық терең ой, жақсы кеңес пен төзімділікті талап етеді. Сол себепті, бұл мамандық қыздар мен әйелдер қауымының таңдауына жиі түседі.
 
Аудармашы 
Өзін дамыту мақсатында жас қыздар өзге тілдерді үйреніп, ел көруді армандайды. Бірнеше тілде қатар сөйлеу, ойлау қабілетін жақсартады әрі болашаққа үлкен жол ашады. Адамдар бір-бірімен сөйлесіп,  қарым-қатынасқа және байланысқа түсу арқылы жаңа нәрселерлі үйренеді. Шет тілдерін біліп әрі оларды игеру керемет даму бағытына және жақсы табыс көздеріне алып келеді.
 
Стюардесса 
Бойжеткендер арасында танымал мамандықтың тағы бірі - стюардесса мамандығы. Бойында тек қана сұлулық пен ақыл ғана емес, осонымен қатар батылдық та бар нәзік жандылар бұл мамандықты жиі таңдайды. "Аспан аруы" атағын алуды армандайтын бикештер арнайы дайындықтан өтеді. Тілдер білімін, алғашқы көмек көрсетудің тәсілдерін, жүзу секілді қабылеттерін шыңдап, қорқынышпен күреседі. Жұмыс күрдеді әрі қиын болғанымен, қыздар қауымының арасында аталмыш мамандық сұранысқа ие.
 
Дәрігер 
Қыз баласының балалық шағында жиі ойнайтын ойыны рөлге кіріп, дәрігер болу. Кейін өсе келе, бұл ойынды шындыққа айналдырғысы келетіндердің саны аз емес. "Ақ халатты абзал жан" болуды мыңдаған ару көздейді. Алайда, бұл мамандық үлкен жауапкершідік пен терең білімді қажет етеді. Дәрігер мамандығының танымалдылығы ерте кезден белгілі.


 Ақжан Берікқызы