Bugin

ХАМАС өкілдері екі тұтқынды өлтіріп жатқан видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

ХАМАС өкілдері екі тұтқынды өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео түрлі палестиналық арнада пайда болған. Желіде тараған видеода тізерлеп тұрған екі ер адамның басына оқ атылғанын көруге болады. Видеоның рас-өтірігі әлі анықталмаған.

Бұған дейін ХАМАС өкілдері Газа секторында қанша инфрақұрылымға оқ атылса, сонша тұтқынды өлтіретіндерін мәлімдеген болатын.

ХАМАС басшылығының мүшесі Али Барак Израильдегі операция бір жыл бойы жоспарланғанын, 2 мыңға жуық адам қатысқанын айтқан.

Сонымен қатар, Али Барак операцияны дайындауға Иран көмектесті деген ақпаратты жоққы шығарып, бұл АҚШ-тың Израиль мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру жөніндегі күш-жігерін бұзуға бағытталғанын айтқан. Бұл туралы "Страна.ua" Telegram-арнасында жазды.