Bugin
Фото: pexels.com
Ақтөбе облысы Алға қаласында ғимараттың шатырынан өрт шықты. Мұнда аудандық білім бөлімі, "Amanat" партиясының аудандық филиалы орналасқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін сағат 10:10-да тіркелді. Алға ауданы Сейфуллин көшесіндегі ғимараттың шатыры жанды.
"Алға ауданы білім бөлімі, партия қызметкерлері отыратын әкімшілік ғимараттың шатыры жанып, өрт сөндіру бөлімінен 26 қызметкер мен 7 техника шықты. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарып қалды. Оқиға орнында 34 адам эвакуацияланды. Коммуналдық және жедел жәрдем қызметтері оқиға орнында болды. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт арада 40 минут өткенде сөндірілген. Қазір негізгі себебі анықталып жатыр.