Bugin

Колледж студенттерінің стипендиясы тағы көтерілетіні рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Келесі жылы колледж студенттерінің шәкіртақысы тағы елу пайызға өседі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр. Оның 70%-ін техникалық мамандықтарға бағыттау жоспарланған.

"Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында биылғы оқу жылынан бастап стипендия 50%-ке өсті, ал 2024 жылы тағы 50%-ке арттыру көзделіп отыр", - деді Бейсембаев үкімет отырысында.

Министрліктің баспасөз қызметі нақтылағандай, орта буын мамандықтары бойынша 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге дейін, жұмысшы біліктілігі бойынша 21 787 теңгеден 32 681 теңгеге дейін.

Министрдің айтуынша, бүгінде студенттердің 85%-і жатақханамен қамтылған. 2027 жылға дейін тапшылық мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 10 мың орындық жатақханаларды пайдалануға беру жоспарланып отыр.