Bugin
Фото: pexels.com
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді", - делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар. Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұланның ұшағымен жіберілген.