Bugin

Жасөспірімдер зейнеткерге сес көрсеткен видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Семейде қара бетперде киген жасөспірімдер егде әйелді қорқытқан. Олар зейнеткердің үйінің қақпасын қағып, оны қорғайтын ешкім жоқ екенін түсініп, барлық әрекетті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға туралы зейнеткердің көршілері естіп, полиция тергеп, жауапқа тарту үшін жасөспірімдердің видеосын әлеуметтік желіге жариялаған.

"Әйел 1993 жылы туған мүгедек ұлымен бірге тұрады. Ол көшеде жанжалдасып қалғаннан кейін, жасөспірімдер оның әжесін қорқыта бастаған. Бұл жағдайға ашуланған көршілер видеоны Желіде жариялады. Полицейлер үш жасөспірімді анықтады, олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Абай облыстық полиция департаменті.