Bugin

Ресей азаматы Қазақстаннан 20 жылдай зейнетақы алып келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ресей азаматтығын алған әйел Қазақстанда 20 жылға жуық зейнетақы төлемін алған, деп жазады Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме беріп.

Шығыс Қазақстан полицейлері қазан айының басында қос азаматтығы бар заң бұзушыны анықтады. Алтай ауданының 76 жастағы тұрғыны 2002 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алғаны анықталды. Сонымен қатар 2004 жылы зейнеткерлік жасқа жеткен әйел Қазақстаннан және Ресейден де зейнетақы төлемдерін алып отырған. Мемлекетке келтірілген залал 13 миллион теңгеден асады.

"Қазіргі уақытта шетел азаматынан Қазақстан құжаттары тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы құжат тіркелді. Бұдан басқа, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Нұрлан Жеңіқсанов.

Айта кету керек, ШҚО-да жыл басынан бері 45-тен астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе еліміздегі шетел мекемелеріне хабарлау қажет екенін ескертеді.