Bugin

Түркістан облысында науқастардың бірі дәрігерді пышақтап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Түркістан облысында науқастардың бірі дәрігерді пышақтап тастаған. Бұл туралы Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Оқиға Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі болған. Полицияның мәліметінше, жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. 

Кейін жәбірленуші ауруханаға жатқызылыпты. 

“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі  “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру"  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы күдікті тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда”, –делінген хабарламада.