Bugin

SpaceX компаниясы елдегі ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лорен Дрейермен кездесуде SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, SpaceX компаниясының әзірлемелері жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру үшін сұранысқа ие стратегиялық құралға айналды. Қазақстан SpaceX корпорациясын өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін сенімді серіктес ретінде қарастырады.

"Өз кезегінде Лорен Дрейер StarLink компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспары, атап айтқанда, еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы айтты", - делінген хабарламада.