Bugin
Фото: pexels.com
Қазақстандық адвокат Әлішер Тұрабаев "Азаттық радиосын" ҰҚШҰ-ны Ресей мемлекетінің басқаратыны туралы бірнеше мәрте жазылған мақаласы үшін сотқа берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мен, өз елімнің отаншыл, патриот азаматы ретінде мұндай сорақы сөзбен келіспеймін", - деп жазды адвокат әлеуметтік желідегі жазбасында.
Қазақстан ҰҚШҰ ұйымының тең құқылы мүшесі. ҰҚШҰ жарғысына сәйкес ұйымның басты органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі.
Тұрабаевтың айтуынша, "Ресей ҰҚШҰ-ны басқарады" деген тұжырым – осы ұйымға мүше өзге елдердің егемендігіне, тәуелсіздігіне күмән келтіру деген сөз.
Азаттық радиосы өз сайтында Алматы қаласының әкімшілік соты 456-2-баптың 1-бөлігі "Жалған ақпарат жариялау, тарату" бойынша арызды қарай бастағанын растады.
Азаттық – Ресейдегі шетелдік агент ретінде танылған "Радио Свобода"* радиосының қазақстандық бөлімшесі. Оны АҚШ үкіметі қаржыландырады.