Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, мерт болды. Полиция суицид бабымен тергеуді бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылады. Видеода етпетінен жерде жатқан қызды көруге болады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.
"Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61