Bugin

TikTok-та жаңа алаяқтық пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sputnik.kz

TikTok-та жаңа алаяқтық пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Статистикалық портал еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген желі қолданушыларының қызметтерін пайдаланбауды сұрады.

"Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақшалай сыйақы үшін "Мен сияқты қанша адам бар" сервисіндегі деректерді хабарлау кең танылып келеді. Эфирді ұйымдастырушы тұлға банк аударымы үшін телефон деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімдерін жазады. Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз", - деп хабарлады портал.