Bugin

Қарағандыда ер адам жасөспірімді пышықтап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Оқиға азық-түлік дүкенінде болған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірім мен досы кассада кезекте тұрған. Бір кезде дүкенге бір ер адам кіріп, кезексіз төлем жасамақ болыпты Осы кезде кезек күтіп тұрған жасөспірімдер мен ер адам арасында кикілжің шығып, ер адам жасөспірімдердің бірін пышақтап қашып кеткен.

Қарағанды ​​облысы полиция департаменті ақпаратты растады. ПД бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, күдікті анықталып, ұсталған.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы екі жас жігіттің сауда орнында болғанын анықтады. Осы жерде олар мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам жігіттердің бірін пышақтап, із-түзсіз жоғалып кеткен. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жатқызылды", - деді Қарағанды ​​облыстық ДП басшысы.

Бейнекамералардың көмегімен полицейлер күдіктінің қайда кеткенін анықтаған.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр", – деді Санжар Әділов.