Bugin
Фото: pexels.com
Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйеліне оншақты рет пышақ сұққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігелік оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.
Онда Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оны 8-10 мәрте пышақтағаны айтылған.
Алматы полиция департаменті аталған деректі растады.
«Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.