Bugin

Түркістан облысында науқас дәрігерге пышақпен шабуыл жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінің бірінде науқас дәрігердің біріне себепсіз пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсукент ауылындағы жекеменшік емханада болған оқиғаға қатысты куәгерлер бұл азаматтың бастапқыда сабырлы блып, кезегін күтіп тұрғанын, кенет ашулана бастағанын айтады. Алайда төбелестің не себептен шыққан әлі белгісіз. Әйтеуір, пацент пышағын суырып алып, рентгенолог дәрігерге шабуыл жасаған.

Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, пышақ зардап шегушінің жүрегіне жақын тұсқа тиген.

“Іш қуысына енетін жара қай кезде де өмірге елеулі қауіп төндіреді, өйткені ол кез келген мүшені немесе тамырды зақымдауы мүмкін. Бұл жағдайда жара жүрекке өте жақын болды, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақтанды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді Сайрам орталық аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Абдулхамид Әбдішқұров растады.

Науқасты полицейлер ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.