Bugin

Алматыда жас қыз 16-қабаттан құлап қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматыда жас қыз 16-қабаттан құлап қаза болды, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша бойжеткен бұл үйде тұрмаған. Ол пәтер терезесінен емес, ғимараттың баспалдағындағы балконнан құлап кеткен. 

Оқиға кеше кешкі алтылар шамасында болған. Тұрғындар жас қыздың көмекке шақырған даусын естігендерін айтады. Ал кейінірек бойжеткеннің балконнан аяқ киімі мен сөмкесін тауыпты. Әзірге бұл жағдайға не түрткі болғаны белгісіз. Азаматтардың кейбірі әлеуметтік желіге видео түсіру кезінде құлап кетуі мүмкін дейді. 

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 105-ші, “Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша іс тергелуде. 

"Бұл қыздың сымбатты екені және жақсы киінгені, жақсы отбасыдан шыққан көрініп тұр. Өзін өзі өлтіруге барады дегенге сенбейміз. Тек видео түсіру кезінде оқыс жағдай орын алды ма деген ойдамыз", - деді Алматы қаласының тұрғыны Сурая Сапарова.