Саясат
Қызылордалық жасөспірім қарақшылық жасап, Атырауға қашып кеткен
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, жасөспірім Шымкентте қарақшылық шабуыл жасап, іздеуде жүрген. Былтыр желтоқсан айынан бері іздеуде болған екен.
«Қашқын қазір қамауда. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдейді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Айта кетейік, өткен жылы атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 88 азаматты (оның 18-і шетелдік) ұстады.