Bugin
Фото: pexels.com
Желіде Алматы облысындағы мешітте болған имамға қатысты оқиға түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жазбада мешіт имамының киімін киген азаматтың көше сыпырушы әйелге қарсылығын білдіргені көрсетілген.
Ол оған дөрекі қылық көрсетіп, айқайлап, мешіттің ауласынан қуып шығады, тіпті бөлмеге кіруге де рұқсат бермеген.
Әзірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл оқиғаға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін Алматы облысы Шелек ауылындағы мешітте имам баланы ұрып жіберген болатын.