Bugin

Талдықорғанда зейнеткер банк бөлімшесінде өзіне қол жұмсаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Талдықорғандағы банктердің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

74 жастағы кейуана қарызын өтей алмаған. Содан соң ол банк бөлімшесіне барып, сол жерде өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Несие алған банкке барған кейуана қолын пышақпен кесіп жіберген. Бақытымызға орай, жарасы тайыз болып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін егде жастағы науқас амбулаторлық емдеуге үйіне жіберілді.

Қаржы сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның ересек тұрғындарының тең жартысы несие алған. Тек 2016 жылдан бері жеке тұлғаларды несиелендіру 340%-ға – 4,2 триллионнан 14,2 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің саны қысқарды. Яғни, қаржылық қызметтер нарығында, табиғаттағы сияқты, тек ең күштілер ғана аман қалады.