Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Жетісу облысында жүк көлігі мен "Audi-100" жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі бала, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазан күні Балпық би — Мәмбет тасжолының Еңбекшіқазақ ауылының маңында болған.
"Жол апатына түскен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін екі көліктің де жүргізушісі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың арасында 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт бала бар", — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61