Bugin
Фото: pexels.com
Кәсіпқой бокста барлық жекпе-жегін сәтті өткізіп келе жатқан қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) неміс Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) жеңгеннен кейін бір ауыз сұхбат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Ол бүгін АҚШ-тың Техас штаты Розенберг қаласында өткен бокс кешінде Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта техникалық нокаутқа жіберді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, жүлде қорын WBO және IBF белбеулерімен толықтырды.
"Бұл — қазақ стилі, біз оны тарихта қалдырғымыз келеді. Алғашқы сәттен осы тактиканы таңдадық. Қарсыласымның бірден шабуыл жасамайтынын білдік. Ол менің шаршаған сәтімді күтті. Сол сәтте шабуылға көшуге ниет білдірді. Бірақ мен жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Қазір менде екі нұсқа бойынша чемпиондық атақ бар. Ендігі кезекте дивизиондағы бүкіл төрт белбеуді жинағым келеді. Оны Top Rank ұйымдастырса, мен оған дайынмын", — деді Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.