Bugin
Фото: pexels.com
Ер адам Қазақстандағы этникалық орыстарды өлтіруге шақырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабымен іс қозғалған.
"Танысып қойыңыздар, Мукин Мейірбек Құдайбергенұлы, 1991 жылы дүниеге келген. Павлодар облысының тумасы. Жақында ол ғаламторда орыстарды өлтіруге шақырған. 14 қазанда Қарағандыда полиция қызметкерлері тұтқындап, изоляторға қамалды", – деп жазды Козачков.
Оның сөзінше, Мукин бұған дейін де істі болған.