Bugin

Автобуста темекі шегіп тұрған алматылық желіні шулатты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы тұрғыны автобуста тұрып темекі тарта бастаған, бұл жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін қатаң сынға алып, оны жазалау қажеттігін айтты. Қалалық полиция оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Құқық бұзушы видео авторының өзіне жақындағанын көре салып, темекіні бірден лақтырып жіберген.

Бұған дейін Қостанайдағы қонақүйлердің бірінің қызметіне көңілі толмайтынын білдірген ресейлік әйел қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын.