Bugin
Фото: pexels.com
Жоғарғы Сот осы жылы Сот әкімшілігі құрылғанын жазды. Құзырлы мекеме осыған байланысты бірнеше логотип әзірлеп, көпшіліктің таңдауына ұсынған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Адвокат Мейрбек Даубалаев Жоғарғы соттың лого жасауда қателікке жол бергенін айтады.
"Мына масқараны қараңыз Жоғарғы Сот жанындағы соттар әкімшілігі мемлекеттік мекемесі өзіне мынандай логотипті жасатыпты.
Айта кету қажеттігі, мекеме өз телеграм парақшаларына 4 түрлі нұсқа жасатыпты, бірақ масқара мынау #3 не логотипте! ҚР “Тіл туралы” Заңына қайшы, орыс тілін жоғары шығарып, қазақ тілін кішкентай әріппен мазақ қылып астына салып қойған. Ал логотипті мемлекет ақшасына жасатуға қандай қақылары бар?”, – деген автор.
Оның сөзінше, ең сорақысы сол – орысша нұсқасы ең көп дауысқа ие болып жатыр.
“Сөзім жоқ бұларға, егер Еліміздің сот органы осылай жасаса, басқалары не істемек? Онда Жоғарғы сот ғимаратына Ресейдің туын ілу ғана қалған екен…
Әй, сонда кәдімгідей қазір ең көп дауысты осы нұсқа алса осылай орысша логотипті Тәуелсіз Еліміздің Жоғарғы сотының маңдайына қоясыздар ма?” – деген Мейрбек Даубалаев.
Адвокаттың сыны желіде кеңінен талқыланып кеткен соң, Жоғарғы Сот көпшілік талқысына ұсынылған лолготиптің барлығын тек қазақ тіліне ауыстырған.