Bugin

Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:Facebook/Несіпбек Айтұлы 

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады. 

Қош, Несағам. Қазақ поэзиясының бәйтерегі құлады, - деп жазды ақын.

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президент жанындағы Мәдениет орталығында қызмет істеген.

Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры.