Bugin

Астанада қаза тапқан мобилографтың алдын ала диагнозы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы “Ирина Қайратовна” тобының мобилографы Жылқайдар Шахназдың өліміне себептің алдын ала диагнозын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Кazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі", - делінген басқарма мәліметінде.

Мәліметтерге сүйенсек, мобилограф Жылқайдар Шахназ 21 жаста болған. 

Бұған дейін "Ирина Кайратовна" тобының концертінде мобилограф қайтыс болғаны туралы хабарланған. Жылқайдар Шахназ сахнада құлап, көз жұмған еді. Оқиғаға байланысты жоспарланған концерттер кейінге қалдырылған.