Bugin
Фото: pexels.com
Қостанай қаласында балабақшадан өрт шығып, құтқарушылар 121 баланы эвакуациялады, ал 30 бүлдіршін өз бетінше шыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облыстық ТЖД ақпаратынша, оқиға 16 қазан күндіз сағат 12:27-де №4 балабақшада болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:34-те жеткен.
Анықталғандай, бірінші қабаттағы музыка сыныбында сахнаның ағаштан және қағаздан жасалған декорациялары, терезенің ағаш жақтауы және техника жанған. Ыстықтан бөлменің керме төбесі балқып кеткен.
Өрт сөндірушілер 121 бала мен 14 қызметкерді ғимараттан эвакуациялады. Құтқарушылар келгенге дейін персоналдың бір бөлігі – 18 қызметкер және 30 бала өз бетінше шығып үлгерген.
Тілсіз жау сағат 12:57-де сөндірілді.
"Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді", - деп атап өтті ТЖ департаменті.