Bugin
Фото:pexels.com
Астанада құрылыс алаңында 9-қабаттан құлаған тағы бір альпинист қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1999 жылғы науқас ауыр халде көптеген ауыр ішкі жарақаттармен № 2 көпсалалы қалалық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылып, онда барлық қажетті жедел көмек көрсетілді.
"Осы уақыт аралығында науқас ауыр жағдайда болды. Аурухананың медициналық қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан барлық емдеу кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Аталған аурухананың жансақтау бөлімінде тағы бір зардап шеккен альпинист жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.