Bugin

Ақмолада комбайыншы қайғылы жағдайда көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақмола облысында егін орағы кезінде қаза болған комбайншы мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде «Енисей» комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен. Ер адам сол жерде көз жұмды.

"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.