Bugin
Фото: pexels.com
АҚШ президенті Джо Байден 18 қазанда Израильге барады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ulysmedia.kz мәліметінше, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби Джо Байден өзінің сапары арқылы АҚШ-тың Израильмен ынтымақтастығын көрсететінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Америка президенті гуманитарлық көмекті Газа секторына ХАМАС пайда көре алмайтындай етіп жеткізу жолдарын талқылауға ниетті.
Израильден кейін Байден Иордания астанасына барады. Амманда ол Иордания Королі Абдулла II, Египет президенті Абдель Фаттах Сиси және Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.