Bugin

Колонияда бұрынғы тәртіп сақшысы кісі қолынан қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:pexels.com

Абай облысындағы бұрынғы тәртіп сақшылары жазасын өтеп жатқан түзеу колониясында кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кісі өлтіру оқиғасының 5 қазанда болғанын мәлімдеді.

"Абай облысындағы №19 ҚАЖ аралас күзет мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, соның саладрынан сотталғандардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады ведомстводан.

Семей қалалық ПБ «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚАЖД мәліметінше, қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мекеменің бірнеше қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды.

Айта кетерлігі, аталған мекемеде бұрынғы тәртіп сақшылары жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін тараған ақпарат бойынша, колониядағы сотталғандардың бірі екіншісін пышақтап тастаған.