Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Полиция мәліметінше, қазанның 16 күні сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.
Жас жігітті Жамбыл–Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлер алып кеткен.
"Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған. Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61