Bugin

Шетел азаматын ұрлаған шымкенттіктер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:pexels.com

Ақтөбе  тұрғыны телефон соғып, оның 23 жастағы ағасын Алматыда ұрлап, BMW көлігімен  алып кеткенін айтқан. Адам ұрлау туралы деректі "102" операторы тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Әйел адам оған ағасы мен белгісіз біреудің хат алмасқан жазбасын жібергенін айтты. Хатта жігітті қорқытып, Шымкент қаласына өз бетімен оралуын талап еткен. Ұрланған адамның Өзбекстан азаматы екені және Шымкенттегі кірпіш зауытында жұмыс істегені белгілі болды. Жұмыстан шыққан кезде жұмыс берушілер оның төлқұжатын қайтарудан және төлем жасаудан бас тартты. Сондықтан жігіт Өзбекстан елшілігіне хабарласу үшін Алматыға қашып кеткен. Келіп түскен дабылдан соң Алматының ҰҚҚКБ мен Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Шымкентке барды, онда 31, 29, 31 жастағы үш жұмыс беруші ұсталды. Оларға айып тағылды. Олардың басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов.